2 сағат бұрын
Жалғас Жұмағұловтың жаңа промоушендегі дебюті қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жаңа промоушенмен келісімшартқа қол қойды. Ол енді халықаралық ACB JJ (джиу-джитсу) лигасында өнер көрсетеді.
Келісім төрт жекпе-жекке жасалған. Жұмағұлов жаңа лигадағы алғашқы кездесуін 20 желтоқсанда Дубайда өткізеді. Әзірге қарсыласының есімі жарияланған жоқ.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
‘Ассалаумағалейкүм, баршаңызға сәлем! ACB JJ лигасымен төрт жекпе-жек өткізуге келісімшартқа отырдым. 20 желтоқсанда Дубайда алғашқы кездесуім өтеді. Қарсыласым да өте мықты спортшы. Күтіңіздер, – деді Жалғас Жұмағұлов.
Айта кетейік, 21 қарашада қазақстандық спортшы еуропалық Oktagon MMA промоушенімен ынтымақтастығын аяқтағанын мәлімдеген. Осыған байланысты ол аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін босатты.
Біздің серіктес: Sport12kz