43 минут бұрын
Конор Макгрегор жарақатынан кейін жаттығуға оралды
UFC-дің бұрынғы екі салмақ дәрежесіндегі чемпионы Конор Макгрегор тізесінен алған жарақатынан кейін жаттығу залындағы дайындығын қайта бастады.
Ирландиялық файтер әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысынан видео жариялады. Ол аяқ бұлшықеттерін шынықтырып, жарақат алған тізесіне күш түсіре бастағанын көрсетті.
«Мен оралдым. Тіземнің жағдайы жақсарып, күшім қалпына келе бастады. Жаттығу жиынына дайындалып жатырмын. The Notorious қайта оралады», – деп жазды Макгрегор.
Еске салайық, 2026 жылдың шілдесінде UFC 329 турнирінде Макгрегор Макс Холлоуэймен кездескен. Алайда ирландиялық файтер тізесінен жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде төреші айқасты тоқтатып, Холлоуэйге техникалық нокаутпен жеңіс берді.
Қазір Макгрегордың октагонға қашан оралатыны және келесі қарсыласы кім болатыны белгісіз.
Біздің серіктес: Sport12kz