Матч орталығы
КХЛ Хоккей Барыс Барыс 0:0 Үзіліс Северсталь Северсталь УЕФА жасөспірімдер лигасы Футбол Градец-Кралове U19 Градец-Кралове U19 21:00 Бүгін Кайрат U19 Кайрат U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Локомотив Локомотив Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 22:45 Бүгін Барселона Барселона Чемпиондар лигасы Футбол Славия Славия 22:45 Бүгін Вильярреал Вильярреал Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 00:45 Ертең Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 00:45 Ертең Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 00:45 Ертең Бирмингем Бирмингем Чемпиондар лигасы Футбол Интер Интер 01:00 Ертең Штутгарт Штутгарт Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 01:00 Ертең Рома Рома Чемпиондар лигасы Футбол Атлетико Атлетико 01:00 Ертең Викинг Викинг Чемпиондар лигасы Футбол Спортинг Спортинг 01:00 Ертең Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Брюгге Брюгге 01:00 Ертең Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 01:00 Ертең Бавария Бавария Чемпионшип Футбол Сток Сток 01:00 Ертең Миллуолл Миллуолл Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 01:00 Ертең Фенербахче Фенербахче НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 07:30 Ертең Монреаль Монреаль Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:30 Ертең Мьельбю Мьельбю КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Ертең ЦСКА ЦСКА Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 22:45 Ертең Хапоэль Хапоэль

30 минут бұрын

Мұхит Амантаев пен «Мотиватор» Бекембетовтің қарымта жекпе-жегі өтпейтін болды

Мұхит Амантаев пен «Мотиватор» Бекембетовтің қарымта жекпе-жегі өтпейтін болды

Атышулы бокс бапкері Мұхит Амантаев қолын жарақаттап алуына байланысты Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетовпен өтетін қарымта жекпе-жек өтпейтін болды.

Мұхит Амантаев әлеуметтік желідегі парақшасында қолының гипстелген суретін жариялап, жарақатты жаттығу кезінде алғанын хабарлады. Оның айтуынша, қарымта жекпе-жекке шығуына медициналық жағдайы мүмкіндік бермейді. Дегенмен толық айыққан соң Бекембетовпен қайта кездесуге ниетті.

«Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты 12 желтоқсанда Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтетін IBA Nomad турнирінде жұдырықтаса алмаймын. Жаттығу кезінде қолымды жарақаттап алдым. Алла қаласа, қолым жазылған соң бұл қарымта жекпе-жекті міндетті түрде өткіземін», – деді Амантаев.

Еске салайық, қос файтердің алғашқы кездесуі 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде ұйымдастырылды. ММА қолғабымен бокс ережесі бойынша өткен жекпе-жекте Әнуарбек Бекембетов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ал олардың қарымта кездесуі 12 желтоқсанға жоспарланған еді. Жекпе-жектің жаңа мерзімі әзірге жарияланған жоқ.



Біздің серіктес: Sport12kz