Матч орталығы
НХЛ Хоккей Бостон Бостон 2:5 Аяқталды Монреаль Монреаль Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Сауд Арабиясы Сауд Арабиясы 19:30 Бүгін Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Катар Катар 19:45 Бүгін Аустралия Аустралия КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Динамо Минск Динамо Минск УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Молдова Молдова 22:00 Бүгін Қазақстан Қазақстан Франция кубогы Футбол Crevillente Crevillente 00:00 Ертең Валансьен Валансьен Франция кубогы Футбол Дижон Дижон 00:00 Ертең Орлеан Орлеан Франция кубогы Футбол US St. Philbert de Grandlieu US St. Philbert de Grandlieu 00:00 Ертең Ля Рош Ля Рош УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 00:45 Ертең Исландия Исландия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 00:45 Ертең Швейцария Швейцария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Нидерланд Нидерланд 00:45 Ертең Грекия Грекия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сербия Сербия 00:45 Ертең Германия Германия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Лихтенштейн Лихтенштейн 00:45 Ертең Әзербайжан Әзербайжан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Шотландия Шотландия 00:45 Ертең Солтүстік Македония Солтүстік Македония Испания кубогы Футбол Сальмантино Сальмантино 01:00 Ертең Сельта Сельта Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Аргентина Аргентина 04:00 Ертең Уругвай Уругвай Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Колумбия Колумбия 05:00 Ертең Чили Чили Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Эквадор Эквадор 05:00 Ертең Коста-Рика Коста-Рика Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 14:00 Ертең Бутан Бутан Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Жапония Жапония 15:15 Ертең Бразилия Бразилия

30.12.2025

Қазақстандық мергендердің шаңғысын кім дайындайды?

Қазақстандық мергендердің шаңғысын кім дайындайды?

Sport12.kz сайты биатлоннан ұлттық құраманың көпшілік біле бермейтін сырымен таныстырады.

Биатлондағы жеңістің тең жартысы спортшының бабына байланысты болса, қалған 50 пайызы – шаңғының сырғанауына тікелей тәуелді. 

Биатлоншылар жарыс алдында тынығып немесе мәреге жеткен соң күш жинап жатқанда, вакс-кабиналарда қызу жұмыс еш тоқтамайды. Бүгін біз камера кадрына сирек түсетін, бірақ нәтижесін әр спортшымыз трассада сезінетін нағыз шеберлер туралы айтамыз. 2013 жылдан бері біздің сервис команданың «жүрегі» әрі қозғаушы күші – Андрей Белопухов. Әлемдік биатлон қауымдастығында ол өз ісінің ең үздік мамандарының бірі саналады. Қазақстан құрамасындағы 10 жылдан астам уақытта Андрей кез келген ауа-райының «тілін тауып», мұзды немесе еріген жұмсақ қар болсын, шаңғыны мінсіз дайындаудың хас шеберіне айналды.

Андрейдің біздің ұжымға деген адалдығының сыры неде деп ойлайсыз? Ол Қазақстан құрамасын тұрақтылығы мен ішкі жылы атмосферасы үшін жоғары бағалайды. Ол үшін бұл жай ғана жұмыс емес, команда мүшелері бір-біріне 100 пайыз сенетін кішігірім отбасы.

Мінсіз сырғанауды қамтамасыз ету жолында Андрей Белопуховпен бірге Дмитрий Смотров пен Аян Базартаев аянбай тер төгуде. Жұмыс көлемінің тым ауқымдылығын ескеріп, оларға жаттықтырушы Мұрат Мұсылманов та белсенді көмектеседі. Айта кетерлігі, біздің сервис-команда өте жоғары жүктемемен жұмыс істейді. Салыстырмалы түрде айтсақ, алып вакс-трактары бар алпауыт құрамаларда кемінде 7-8 маман еңбек етеді. Ал біздің шағын топ сан жағынан аз болса да, сапа жағынан ешкімге жол бермейді. Стартқа санаулы минуттар қалғанда ондаған шаңғыны тексеріп, ең тиімді майды (парафинді) таңдау – нағыз ерлікпен тең еңбек. Сондай-ақ, резервтегі спортшыларымыздың да техникалық дайындығы сенімді қолда. IBU Кубоктарында инвентарь дайындауға Антон Кастусев пен Надиль Хасанов жауапты.

«Бүгін шаңғылар "ұшты"!»

Бұл сөз – кез келген сервис маманы үшін ең жоғарғы марапат. Біздің жігіттер мұндай

мақтауды жиі естиді. Тек отандық спортшылар ғана емес, шетелдік сарапшылар да Қазақстан құрамасының шаңғылары керемет сырғанайтынын жиі айтады.

Біз өз сервис-тобымызды мақтан тұтамыз. Олардың кәсібилігі - болашақ жеңістеріміздің іргетасы. Трассадағы ең қиын бұрылыстарда біздің спортшылар көш бастап бара жатса, бұл Андрей Белопухов пен оның командасының алтын қолдары мен ұйқысыз түндерінің жемісі.

Қазақстан биатлонының жетістіктері мен дамуына «Sport Qory» қолдау көрсетіп келеді


Біздің серіктес: Sport12kz