Матч орталығы
КХЛ Хоккей Трактор Трактор 5:2 Аяқталды Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы ВХЛ Хоккей Дизель Дизель 0:3 Аяқталды Молот Молот КХЛ Хоккей Динамо Минск Динамо Минск 4:0 Аяқталды Авангард Авангард КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 4:3 Пенальтиден соң Салават Юлаев Салават Юлаев Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 1:6 Аяқталды Алавес Алавес Чемпиондар лигасы Хоккей Регле Регле 2:2 Аяқталды Шеллефтео Шеллефтео Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 0:3 Аяқталды Эйбар Эйбар Челленджер Ноксвилл Теннис Даниэль Милавский Даниэль Милавский 2:0 Аяқталды Мерфи Кассоне Мерфи Кассоне Челлендж кубогы Волейбол Воллей Наефелс Воллей Наефелс 2:3 Аяқталды Бигбанк Тарту Бигбанк Тарту Чемпиондар лигасы Хоккей Адлер Адлер 4:2 Аяқталды Таппара Таппара Чемпиондар лигасы Хоккей Давос Давос 5:4 Аяқталды Шкода Пльзень Шкода Пльзень Испания кубогы Футбол Михас Лас Лагунас Михас Лас Лагунас 1:2 Аяқталды Реал Хаэн Реал Хаэн Испания кубогы Футбол Тривал Вальдерас Тривал Вальдерас 0:1 Аяқталды Леганес Леганес Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 1:0 Аяқталды Логронес Логронес Испания кубогы Футбол UE Tavernes UE Tavernes 0:6 84 Валенсия Валенсия Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 14:30 Бүгін Мальдив Мальдив Международный Кубок Чемпионов Футбол Бангладеш Бангладеш 19:00 Бүгін Шри-Ланка Шри-Ланка Еуропа чемпионаты U19 Футбол Қазақстан U19 Қазақстан U19 20:45 Бүгін Шотландия U19 Шотландия U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Бүгін Динамо Динамо Стокгольм мужчины Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 22:00 Бүгін Каспер Рууд Каспер Рууд

5 сағат бұрын

Қазақстан мен Намибия ҰОК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Намибия ҰОК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Фото: olympic.kz

Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Намибия Ұлттық Олимпиадалық комитеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz .

Құжатқа Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин мен Намибия ҰОК басшысы Ндеулипула Хамутумва қол қойды.

Бұл келісімді жасау туралы бастаманы Намибия тарапы көтерген. Олар Қазақстан ҰОК-нің спортты басқару, халықаралық жобаларды жүзеге асыру және Олимпиадалық қозғалыс ұйымдарымен байланыс орнату бағытындағы тәжірибесіне қызығушылық танытқан.

Намибия ҰОК өкілдері Қазақстан ҰОК-нің жұмысын жоғары бағалап, серіктестікке дайын екенін жеткізді. Алғашқы кезекте Намибия делегациясының Қазақстанға іссапармен келуі жоспарланып отыр. Сапар барысында олар Ұлттық Олимпиадалық комитеттің құрылымымен, басқару жүйесімен, жүзеге асып жатқан бағдарламаларымен және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жұмысымен танысады.

Ортақ жұмыстың маңызды бағыттарының бірі - басым спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар арасында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу. Сонымен қатар тараптар спорт федерациялары арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, жаттықтырушылар мен мамандар даярлау тәжірибесімен бөлісуді, спорт медицинасы және допингке қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.

Меморандум аясында мамандар арасында кәсіби білім, әдістемелік материалдар мен тәжірибе алмасу да қарастырылған. Бұл екі елдің Ұлттық Олимпиадалық комитеттеріне спортты басқарудағы тиімді тәсілдер мен бағдарламаларды зерделеп, қажет болған жағдайда оларды өз елдерінің спорт жүйесіне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жасалған келісімдерді жүзеге асыру үшін жыл сайын нақты іс-шаралар мен жұмыс бағыттарын айқындайтын жеке ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Осылайша, қол қойылған меморандум екі ел арасында тәжірибе алмасуға, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және спортты дамыту жолындағы халықаралық Олимпиадалық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады.

Айта кетсек, Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.


Біздің серіктес: Sport12kz