8 сағат бұрын
Қазақстан жаөспірімдер Олимпиадасында медальдар кестесінде қай орын алды?
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан құрамасы Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды.
Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль салды. Сондай-ақ Айбар Қайым семсерлесуден күміс жүлдегер атанды.
Ал триатлоншы Рамазан Әйнегов, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.
Жасөспірімдер Олимпиадасында 18 қазақстандық 11 спорт түрінен бақ сынады.
Жалпы командалық есепте отандастарымыз 10 медальмен 21 орында аяқтады. Бұл жөнінен Қытай 33 (оның ішінде 18 алтын) медальмен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындарда Жапония (28 медаль) және Ресей (14 медаль) жайғасты.
Ойындардың жабылу салтанаты 14 қарашада өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz