Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Мьельбю Мьельбю КХЛ Хоккей Спартак Спартак 1:5 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 4:0 Аяқталды Бенфика Бенфика Конференциялар лигасы Футбол Хартс Хартс 2:3 Аяқталды Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Иберия Иберия 1:0 Аяқталды Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Пафос Пафос 0:2 Аяқталды Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 2:0 Аяқталды Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Брайтон Брайтон 4:0 Аяқталды Крайова Крайова Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 2:1 Аяқталды Линкольн Ред Импс Линкольн Ред Импс Конференциялар лигасы Футбол Аякс Аякс 4:0 Аяқталды Тун Тун Конференциялар лигасы Футбол Кауно Кауно 2:0 Аяқталды Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Бранн Бранн 1:4 Аяқталды Орхус Орхус Еуропа лигасы Футбол Марсель Марсель 1:0 Аяқталды Левски Левски Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 2:2 Аяқталды Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Сельта Сельта 1:2 Аяқталды Борнмут Борнмут Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 2:1 Аяқталды Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Динамо Динамо 0:2 Аяқталды Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 2:0 Аяқталды Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 2:4 Аяқталды Милан Милан Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Черногория Черногория 62:93 Аяқталды Испания Испания

6 күн бұрын

Астанадағы Гран-при финалында алты Олимпиада чемпионы бақ сынайды

Астанадағы Гран-при финалында алты Олимпиада чемпионы бақ сынайды

28–29 қарашада Астанада таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының финалы өтеді. Қазақстан бұл доданы алғаш рет қабылдамақ. Жарысқа алты Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының 13 жүлдегері, 15 әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 20 жүлдегері қатысады. Бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.

Қазақстандық Тамирлан Тілеулес сынға түсетін 58 келіге дейінгі салмақта Токио және Париж Олимпиадасының чемпиондары оңтүстіккореялық Пак Тэ Джун мен италиялық Вито Делль’Аквила сынға түсежі. Екеуі де әлем чемпионатында жеңіске жеткен. Бұл салмақта әлем чемпиондары Абольфазл Занди мен Со Ын Су, сондай-ақ Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Гашим Магомедов та бақ сынайды.

68 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының төрт жеңімпазы өнер көрсетеді. Олар Нажмиддин Косимхожиев, Марко Голубич, Омар Гергели Салим және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Чан Джун. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Зайд Карим мен Эдиваль Понтес және биыл Муджу мен Париждегі Гран-при кезеңдерінде топ жарған Джинхо Мун жарысқа қатысады.

80 келіге дейінгі салмақта Бразилия өкілі, әлем чемпионы Энрике Маркес өнер көрсетеді. Ал 80 келіден жоғары салмақта Олимпиада чемпиондары ирандық Ариан Салими мен ресейлік Владислав Ларин, әлем чемпиондары Сейф Исса, оңтүстіккореялық Санхён Кан және италиялық Симоне Алесси де жарыс жолына шығады.

Әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын Рита Бакишева қорғайды. Оның қарсыластарының қатарында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Адриана Сересо Иглесиас, 2022 жылғы әлем чемпионы Даниэла Паола Соуза және биылғы үш Гран-при кезеңінде жеңіске жеткен Алиса Ангелова, Сяолу Фу мен Цзиньюэ Ма бар.

Қазақстан құрамасынан тағы екі спортшы жарысқа қатысады. Париждегі Гран-при кезеңінің қола жүлдегері Мария Севостьянова 57 келіге дейінгі салмақта, ал Азия ойындарының қола жүлдегері Батырхан Төлеуғали 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайды.

Севостьянованың салмағында Париж Олимпиадасының чемпионы, оңтүстіккореялық Ю-Джин Ким, Бразилияның әлем чемпионы Мария Клара Пачеко және Иранның әлем чемпионы Нахид Кияничанде де жүлдеге таласады. 67 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының чемпионы, венгриялық Вивиана Мартон өнер көрсетсе, 67 келіден жоғары салмақта әлем чемпионы, бельгиялық Сара Шаари күш сынасады.

Айта кетейік, спортшылар 8 салмақ бойынша жүлделер жиынтығын сарапқа салады. Әр салмақта 16 спортшыдан жарысқа қатысады. G-10 санатындағы турнирде жеңімпазға 100, күміс жүлдегерге 60, қола жүлдегерге 36 рейтингтік ұпай беріледі. Бұл ұпайлар спортшылардың Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу рейтингіндегі орнына ықпал етеді.



Біздің серіктес: Sport12kz