1 күн бұрын
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысы өтті
Фото: olympic.kz
25 қарашада Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысы өтті. Жиында ұйымның 2024-2026 жылдар аралығындағы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жиынға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Атқарушы комитет мүшелері мен ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.
Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпанында Қазақстан ҰОК президенті болып сайланғаннан бергі атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндап, алдағы жылдары жүзеге асырылуы тиіс міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды
Осы кезеңде Қазақстан ҰОК ұлттық делегацияның тоғыз ірі халықаралық кешенді спорттық жарысқа қатысуын ұйымдастыруға қолдау көрсетті.
ҰОК қызметіндегі басым бағыттардың бірі – халықаралық спорт ұйымдарында Қазақстан өкілдерінің қатарын көбейту. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша отандастарымыз халықаралық және Азия спорт ұйымдарында 58 лауазымды қызметте жұмыс істеп жүр.
Халықаралық федерациялармен байланысты нығайту елімізге ірі спорттық жарыстарды өткізуге де жол ашып отыр. 2027 жылы Қазақстанда бокстан, дзюдодан, үстел теннисі мен таеквондодан әлем чемпионаты, шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем біріншілігі және мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді.
Сондай-ақ Қазақстан ҰОК, мемлекеттік органдар мен спорт федерацияларының бірлескен жұмысының нәтижесінде Алматы қаласы 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды.
2029 жылғы қысқы Азия ойындарына Алматы қаласының дайындығы туралы Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті, Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің мүшесі Кудрәт Шамиев баяндады. Ал Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева ҰОК-пен бірлескен жұмыстың нәтижелері мен спорттағы допингке қарсы күрес бағытындағы алдағы жоспарларды таныстырды.
Біздің серіктес: Sport12kz