Матч орталығы
КХЛ Хоккей СКА СКА 4:7 Аяқталды Барыс Барыс Франция кубогы Футбол Канн Канн 1:1 Пенальтиден соң Ле Пюи Ле Пюи НХЛ Хоккей Бостон Бостон 1:3 Аяқталды Торонто Торонто Ұлттық лига Хоккей Лозанна Лозанна 4:2 Аяқталды Берн Берн Ұлттық лига Хоккей Лангнау Лангнау 3:1 Аяқталды Серветт Серветт Ұлттық лига Хоккей Рапперсвиль Рапперсвиль 4:5 Пенальтиден соң Цюрих Цюрих Ұлттық лига Хоккей Лугано Лугано 4:3 Аяқталды Фрибург Фрибург Франция кубогы Футбол Валуа Валуа 1:2 Аяқталды Валансьен Валансьен Бундеслига Футбол Вердер Вердер 3:3 Аяқталды Боруссия Боруссия Лига 1 Футбол Брест Брест 1:0 Аяқталды Париж Париж А сериясы Футбол Венеция Венеция 0:0 Аяқталды Болонья Болонья Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 3:2 Аяқталды Челси Челси Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 2:0 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Ла Лига Футбол Леванте Леванте 1:3 Аяқталды Расинг Расинг Франция кубогы Футбол 2 Ривес 82 2 Ривес 82 17:30 Бүгін Версаль Версаль Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 17:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 17:30 Бүгін Вулверхэмптон Вулверхэмптон Франция кубогы Футбол Charleville Charleville 17:30 Бүгін Реймс Реймс Франция кубогы Футбол Tremblay FC Tremblay FC 18:00 Бүгін Ред Стар Ред Стар Ла Лига Футбол Бетис Бетис 18:00 Бүгін Райо Вальекано Райо Вальекано

12 сағат бұрын

Геннадий Головкин World Taekwondo президентінің шақыруымен халықаралық конференцияға қатысты

Геннадий Головкин World Taekwondo президентінің шақыруымен халықаралық конференцияға қатысты

Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин World Taekwondo ұйымының басшысы Чунгвон Чоудың шақыруымен GCS International халықаралық үкіметтік емес ұйымының Қазақстандағы бөлімшесінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Салтанатты шара Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Қазақстандағы бөлімшенің ашылуы бейбітшілікті нығайту, гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту және қоғамдық бастамаларды қолдау мәселелеріне арналған GCS халықаралық конференциясымен тұспа-тұс келді.

Ашылу рәсіміне жас спортшылар да қатысты. Олар Геннадий Головкинмен кездесті. Қазақстан ҰОК басшысы жас атлеттермен әңгімелесіп, олармен бірге естелік суретке түсті.

GCS International ұйымы БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі жанында арнайы консультативтік мәртебеге ие. Ұйым халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік мәдениетін насихаттау, еріктілер бастамаларын қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында қызмет етеді.

Сонымен қатар ұйым World Taekwondo және Таеквондо гуманитарлық қорымен (THF) бірлесіп, спорт арқылы қоғамға бейімдеу және босқындарға қолдау көрсету жобаларын жүзеге асыруға атсалысады.

Еске салсақ, Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) президенті Давид Лапартьенмен кездесті.


Біздің серіктес: Sport12kz