07.03.2025
Ресей чемпионаты: Максим Самородов негізгі құрамда ойнайды
Бүгін, 7 наурыз күні Ресей Премьер-лигасының 20-турында мәскеулік «Локомотив» пен грозныйлық «Ахмат» кездеседі.
Ойын Мәскеудегі «РЖД Арена» стадионында өтеді. Басталу уақыты – Қазақстан уақытымен 22:15.
Бұл матчта «Ахматтың» бастапқы құрамына қазақстандық шабуылшы Максим Самородов енді. Қазақстан құрамасының ойыншысы үшін бұл маусымдағы 14-ші матчыболмақ. Оның еншісінде 2 гол және 2 нәтижелі пас бар.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов