3 күн бұрын
Максим Богатырёв параканоэден 2 дүркін әлем чемпионы атанды
Қазақстандық параспортшы Максим Богатырёв Аргентинада өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды.
Гуалегуайчу қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден марафон және параканоэ бойынша әлем біріншілігі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде отандасымыз парабайдаркамен KL1 санатында үздік нәтиже көрсетті.
Максим Богатырёв 8 шақырым 200 метрлік қашықтықты 48 минут 5,34 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Аргентина өкілі Диего Хорхе күміс жүлде алды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы чемпионаттың алғашқы күнінде де алтын медаль иеленген..
Биылғы әлем чемпионатына 38 елден 683 спортшы қатысып жатыр. Параканоэ бағдарламасы бойынша 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 25 қазанда аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz