7 сағат бұрын
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Аянат Жұмағали жүлдесіз қалды
Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Отандасымыз екі жаттығудың қорытындысы бойынша 19-орынға тұрақтады.
Жұлқа көтеруде 101 келіні бағындырса, серпе көтеруде 126 келі нәтижесін көрсетті. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша 227 келіні жинады.
Әлем чемпионы атанған қытайлық Ян Цюся 265 (120+145) келіні бағындырды. Күміс жүлдені оның отандасы Пэн Цуйтин (262 келі) иеленсе, үздік үштікті мысырлық Сара Ахмед (258 келі) түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Аянат Жұмағали 2026 жылы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Сол жарыста қазақстандық спортшы екі жаттығудың қорытындысы бойынша 246 (109+137) келі көтерген.
Еске салайық, Нинбодағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы әзірге бір медаль жеңіп алды. Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 399 (182+217) келі нәтижесімен күміс жүлдегер атанды.
Біздің серіктес: Sport12kz