Матч орталығы
КХЛ Хоккей Амур Амур 1:0 17:41 Барыс Барыс Международный Кубок Чемпионов Футбол Мальдив Мальдив 14:30 Бүгін Пәкістан Пәкістан Эредивизи Футбол Херенвен Херенвен 16:15 Бүгін Фейеноорд Фейеноорд А сериясы Футбол Наполи Наполи 16:30 Бүгін Лацио Лацио Стокгольм мужчины Теннис Джейкоб Фирнли Джейкоб Фирнли 17:10 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко Ла Лига Футбол Эльче Эльче 18:00 Бүгін Бетис Бетис Суперлига Футбол Чорум Чорум 18:00 Бүгін Фенербахче Фенербахче Эредивизи Футбол Твенте Твенте 18:30 Бүгін Аякс Аякс А сериясы Футбол Дженоа Дженоа 19:00 Бүгін Милан Милан Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 19:00 Бүгін Челси Челси Лига 1 Футбол Ренн Ренн 19:00 Бүгін Лилль Лилль Премьер-лига Футбол Кристал Пэлас Кристал Пэлас 19:00 Бүгін Ливерпуль Ливерпуль Премьер-лига Футбол Ипсвич Ипсвич 19:00 Бүгін Борнмут Борнмут Международный Кубок Чемпионов Футбол Шри-Ланка Шри-Ланка 19:00 Бүгін Бутан Бутан А сериясы Футбол Монца Монца 19:00 Бүгін Аталанта Аталанта Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 19:00 Бүгін Брентфорд Брентфорд Париж мужчины Теннис Бен Шелтон Бен Шелтон 19:00 Бүгін Карлос Алькарас Карлос Алькарас Бундеслига Футбол Кельн Кельн 19:30 Бүгін Байер Байер Ла Лига Футбол Реал Сосьедад Реал Сосьедад 20:15 Бүгін Райо Вальекано Райо Вальекано Примейра-лига Футбол Санта-Клара Санта-Клара 20:30 Бүгін Жил Висенте Жил Висенте

2 күн бұрын

Нұрғиса Әділетұлы: ирандық спортшыдан қарымта қайтарып, күміс жүлдеге ие болдым

Нұрғиса Әділетұлы: ирандық спортшыдан қарымта қайтарып, күміс жүлдеге ие болдым

Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Нинбода (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді., деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 399 (182-217) келіні көтеріп, күміс жүлдегер атанды. Нұрғиса жарыстан кейін Olympic.kz сайтына берген сұхбатында өз өнеріне баға берді.

- Нұрғиса, шамамен бір айдың ішінде екі бірдей ауқымды додада күміс жүлде алып отырсыз, құттықтаймыз! Нәтижеңізге көңіліңіз тола ма?

- Иә, шамамен бір айдың ішінде екі ірі жарыста күміс медаль иелендім. Жалпы, әлем чемпионатындағы нәтижеме көңілім толады. Ал Азия ойындарында өз мүмкіндігімді толық пайдалана алмадым. Құрлықтық дода өте қиын болды. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсетуге барымды салған едім.

- Азия ойындарынан кейін көп уақыт өткен жоқ. Әлем чемпионатына дайындық қаншалықты қиын болды?

- Азия ойындарынан кейін әлем чемпионатына дайындалу оңай болған жоқ. Себебі барлық күш-жігерімді құрлықтық додаға жұмсадым. Соған қарамастан, аздап тынығып, жіберген қателіктерімді саралап, өзімді қалыпқа келтіруге тырыстым. Содан кейін әлем чемпионатына дайындықты жалғастырдым. Бұл жарыстың 2028 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезеңі екенін жақсы түсіндім. Сондықтан жоғары нәтиже көрсетуім керек болды.

- Азия ойындарында жұлқа көтеруде 177 келіні бағындырған едіңіз, бұл жолы 182 келіні еңсеріп, бірінші болып әлем рекордын жаңарттыңыз. Бұл туралы не ойлайсыз? Қалай болды?

- Азия ойындарында жұлқа көтеруде сәтсіз өнер көрсеттім. Нәтижеме көңілім толмады. Ал әлем чемпионатында үш мүмкіндігімді де сәтті пайдаланып, 182 келіні бағындырдым. Осылайша, мансабымда алғаш рет әлем рекордын жаңарттым. Өте қатты қуаныштымын. Әрине, оңай болған жоқ. Алайда артынша Болгария өкілі, Олимпиада чемпионы Карлос Насар 185 келіні көтеріп, рекордты қайта жаңартты. Ендігі мақсатым - оның көрсеткішінен де жоғары нәтижеге қол жеткізу.

- Жалпы, бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік болды ма?

- Жұлқа көтеруде 182 келіні еңсердім. Бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Дегенмен алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады. Негізі, әлем чемпионатында Азия ойындарында менен басым түскен ирандық спортшыдан қарымта қайтаруды мақсат еттім. Нәтижесінде оны артта қалдырып, екінші орынға ие болдым.

- Серпе көтерудегі өнеріңізді қалай бағалайсыз? Жалпы, әлем чемпионатында бәсекенің деңгейі қандай?

- Әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары болды. Соған қарамастан, жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Азия ойындарында 217 келі көтерген едім, әлем чемпионатында да осы нәтижені қайталадым. Бұл да жаман көрсеткіш емес. Негізі, жаттығу кезінде 221 келіні де көтергенмін. Ал жарыста тәуекелге бел буып, 224 келіге тапсырыс бердім. Өкінішке қарай, бұл салмақты көтеруге әлі дайын емес екенмін. Енді серпе көтерудегі нәтижемді жақсарту үшін бар күшімді саламын.

- Алдағы мақсатыңыз қандай?

- Әлем чемпионатынан кейін аздап демалып, үзіліс аламын. Денсаулығымды ретке келтіріп, желтоқсан айынан бастап жаттығуға кірісуді жоспарлап отырмын. Келесі жылы әлем және Азия чемпионаты, сондай-ақ басқа да көптеген жарыс күтіп тұр. Алдағы уақытта Олимпиадаға жолдама беретін турнирлерде сәтті өнер көрсету қажет. Ең басты мақсатым - Олимпиада ойындарына қатысып, алтын медаль жеңіп алу.


Біздің серіктес: Sport12kz