21 сағат бұрын
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келіні (182+217) көтерді. Сондай-ақ ол жұлқа және серпе көтеру жаттығуларының екеуінде де күміс жүлдеге ие болды.
Бұл салмақта Болгария өкілі Карлос Насар 415 келі нәтижемен чемпион атанса, ирандық Али Әлипур 396 келімен үздік үштікті түйіндеді.
Біздің серіктес: Sport12kz