4 сағат бұрын
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Гран-При турнирінде жүлдесіз қалды
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен ISU Гран-при сериясының үшінші кезеңінде жүлдегерлер қатарына қосыла алмады.
8 қарашада өткен еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 168,62 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Ал қысқа бағдарламада 94,87 ұпай иеленген еді. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 263,49 ұпай жинап, жалпы есепте бесінші орын алды. Жүлделі орыннан 18,13 ұпайға қалып қойды.
Шайдоров еркін бағдарламада төрттік флипті сәтті орындағанымен, төрттік лутц пен күрделі каскадта қателік жіберді.
Жарыста жапониялық Као Миура (293,25 ұпай) жеңіске жетті. Күміс жүлдені Владислав Дикиджи (282,44), қоланы Евгений Семененко (281,62) иеленді.
Айта кетейік, Шайдоров бұған дейін Франциядағы Гран-при кезеңінде оныншы орын алған. Ал Шэньчжэньдегі турнирде 2024 жылы күміс, 2025 жылы қола медаль жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz