1 сағат бұрын
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында жүлдеге іліне алмады
Қазақстандық ауыр атлет Любовь Ковальчук Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтыншы орынға тұрақтады.
86 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қоссайыста 263 келі нәтижесін тіркеді. Ол жұлқа көтеруде 116 келіні, серпе көтеруде 147 келіні бағындырды.
Әлем чемпионы атағын Қытай өкілі Ли Янь 317 келі (147+170) нәтижесімен жеңіп алды. Оңтүстік Корея спортшылары Пак Хе Джон (286 келі) мен Ким Хе Ен (277 келі) күміс және қола жүлдеге ие болды.
Біздің серіктес: Sport12kz