8 сағат бұрын
Нысана көздеуден ӘЧ: Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті?
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Катардың Доха қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атудан ерлер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған сайысқа Қазақстан құрамасының үш спортшысы қатысты:
Ислам Сәтпаев 628,7 ұпай жинап, 33-орынға тұрақтады.
Константин Малиновский 624,9 ұпаймен 68-сатыда тұр
Никита Шахторин 622,9 ұпай жинап, 77-орынды көрсетті.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша отандастарымыз үздік сегіздікке еніп, финалға жолдама ала алмады.
Бүгін дәл осы бағдарламада әйелдер арасындағы іріктеу бәсекелері өтіп, шешуші кезеңге шығатын мергендер анықталады.
Айта кетейік, Дохадағы әлем чемпионаты 14 қарашада өз мәресіне жетеді.
Еске салсақ, қазақстандық мерген Александра Ле Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында финалға жолдама алды.
Біздің серіктес: Sport12kz