Матч орталығы
Стокгольм мужчины Теннис Адриан Маннарино Адриан Маннарино 0:2 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Трактор Трактор 4:0 19:01 Шанхайские Драконы Шанхайские Драконы ВХЛ Хоккей Дизель Дизель 21:00 Бүгін Молот Молот КХЛ Хоккей Нефтехимик Нефтехимик 21:30 Бүгін Салават Юлаев Салават Юлаев Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 00:00 Ертең Логронес Логронес Испания кубогы Футбол Тривал Вальдерас Тривал Вальдерас 00:00 Ертең Леганес Леганес Испания кубогы Футбол Михас Лас Лагунас Михас Лас Лагунас 00:00 Ертең Реал Хаэн Реал Хаэн Испания кубогы Футбол UE Tavernes UE Tavernes 01:00 Ертең Валенсия Валенсия Международный Кубок Чемпионов Футбол Үндістан Үндістан 14:30 Ертең Мальдив Мальдив Международный Кубок Чемпионов Футбол Бангладеш Бангладеш 19:00 Ертең Шри-Ланка Шри-Ланка Еуропа чемпионаты U19 Футбол Қазақстан U19 Қазақстан U19 20:45 Ертең Шотландия U19 Шотландия U19 КХЛ Хоккей СКА СКА 21:30 Ертең Динамо Динамо Еуролига Баскетбол Париж Париж 00:45 12.11 Фенербахче Фенербахче Про-лига Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 00:00 07.03.2027 Аль-Наср Аль-Наср

44 минут бұрын

Қазақстан мергендері әлем чемпионатында іріктеуді бастады

Қазақстан мергендері әлем чемпионатында іріктеуді бастады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Стенд атудан Қатар мемлекетінің астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында «трап» жаттығуы бойынша іріктеу басталды, деп хабарлайды Sport12.kz .

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәсекеде Қазақстан намысын алты спортшы қорғап жатыр. Ерлер арасындағы сында Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов пен Даниил Почивалов өнер көрсетсе, әйелдер сайысында Айжан Досмағамбетова, Наргиза Сарманова мен Элеонора Ибрагимова бақ сынайды.

Ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі үш күнге, яғни 10-12 қараша аралығына жоспарланған. Іріктеу қорытындысы бойынша әр есепте ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз мерген финалға жолдама алып, әлем чемпионатының жүлдесін сарапқа салады.

Әйелдер арасындағы финал 12 қарашада Астана уақытымен сағат 15:30-да, ал ерлер финалы 17:00-де басталады.

Айта кетейік, қазақ мергендерінің бұл дисциплинада айтарлықтай жетістіктері бар. Аичи-Нагояда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы траптан командалық сында қола медаль жеңіп алған. Жекелей есепте Әлішер Айсалбаев 7-орынға табан тіреген.

Бұдан бөлек, Даниил Почивалов пен Мария Дмитриенко 2023 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында траптан аралас командалық бәсекеде қола жүлде иеленген.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын әлем чемпионатында қазақ спортшысы Әсем Орынбай «скит» жаттығуы бойынша Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Жарыс 14 қарашада мәресіне жетеді.

Еске салсақ, қазақстандық триатлоншы Дарын Қонысбаев 13 қарашада Әбу-Дабиде өтетін Әлем чемпионаты сериясының кезеңінде жарыс жолына шығады. Спринттік қашықтықтағы жекелей сайысқа 55 спортшы қатысады.


Біздің серіктес: Sport12kz