11.11.2026
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғиса Әділетұлы елге оралды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өткен әлем чемпионатында үш күміс медаль жеңіп алған соң Алматыға оралды.
Қазақстандық спортшы 95 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 182 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысында 399 келі нәтижемен күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар Нұрғиса Әділетұлы жұлқа көтеру мен қоссайыс бойынша екі әлемдік рекорд орнатты.
Әлем чемпионатынан оралған ауыр атлетті Алматы халықаралық әуежайында жанкүйерлер мен спорт саласының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.
Айта кетейік, Нинбодағы әлем чемпионаты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы кезеңі еді.
Біздің серіктес: Sport12kz