24 сағат бұрын
Қазақстандық семсерлесуші жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты
Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына жолдама алды.
Саблямен семсерлесуден өткен 1/8 финалдық бәсекеде отандасымыз Конго Демократиялық Республикасының өкілі Мерви Йембеле Тулунгамен кездесті. Айбар Қайым қарсыласынан 15:3 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.
Енді қазақстандық спортшы жартылай финалға шығу үшін сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz