23 сағат бұрын
Кристина Шумекова әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде жүлдегер атанды.
20 жастағы спортшы 1000 метр қашықтықты 1 минут 15,64 секундта жүгіріп өтіп, екінші орынға ие болды. Бұл сында тағы бір қазақстандық Кристина Силаева 1:20.44 нәтижесімен 20-орынға тұрақтады.
Жарыс жеңімпазы Нидерланд өкілі Ангель Далеман (1:14.07) атанса, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (1:15.85) түйіндеді.
Айта кетейік, Кристина Шумекова – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы. Бейжіңдегі әлем кубогының алғашқы кезеңі 15 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz