6 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте үздік төрттікке енді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot турниріндегі сәтті өнерінің арқасында әйелдер арасындағы live-рейтингте төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Басылымның 13 қарашадағы шолуына сәйкес, топтық кезеңнің алғашқы төрт партиясынан кейін қазақстандық шахматшы рейтингтік көрсеткішіне 11,4 ұпай қосты.
Асаубаева америкалық гроссмейстер Уэсли Сомен екі рет тең ойнап, кейін үндістандық Арджун Эригайсимен жеңістермен алмасты. ChessBase басылымы оның қара фигуралармен ескі үнді қорғанысында қол жеткізген жеңісіне ерекше назар аударды.
Айта кетейік, live-рейтингтегі бұл көрсеткіш топтық кезеңнің екінші ойын күнінен кейінгі жағдайды көрсетеді. Ол турнирдің қорытынды нәтижесі немесе FIDE-нің ресми айлық рейтингі болып саналмайды.
Біздің серіктес: Sport12kz