8 сағат бұрын

17 жастағы зілтемірші Қазақстан чемпионы атанды

17 жастағы зілтемірші Қазақстан чемпионы атанды

Астанада ауыр атлетикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында 60 және 65 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінің жеңімпаздары анықталды.

65 келіге дейінгі салмақта Қызылорда облысының 17 жастағы өкілі Мұхаммедали Қойшыбек топ жарды. Ол жұлқа көтеруде 108 келіні бағындырса, серпе көтеруде 150 келі көтерді. Нәтижесінде қоссайыста 258 келі жинап, мансабында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Бұл салмақта Никита Журавлёв (254 кг) күміс, Аблай Анамбай (252 кг) қола медаль иеленді.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Өтепберген Әлиев жеңімпаз атанды. Батыс Қазақстан облысының спортшысы қоссайыста 264 келі көтерді. Алексей Дроздов (253 кг) екінші, Азамат Төлеген (246 кг) үшінші орын алды.

Айта кетейік, Астанадағы Қазақстан чемпионаты 23 қарашаға дейін жалғасады. Ел біріншілігіне 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр.



Біздің серіктес: Sport12kz