2 күн бұрын
Қазақстандық таеквондошылар Қытайдағы ірі турнирде бақ сынайды
9-11 желтоқсан күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан Grand Slam турнирі өтеді. Байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 31 спортшы өнер көрсетуі мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, алдын ала тізімге 16 ер және 15 әйел спортшы енгізілген. Олар сегіз салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайды.
Ерлер:
- 58 келіге дейін: Баходир Шапулатов, Тамирлан Тлеулес, Нурали Махмут, Жавохирхон Исламов;
- 68 келіге дейін: Ануар Мухаметкаримов, Дамир Шуленов, Мухаммедали Махмут, Нурбек Газез, Самирхон Абабакиров, Султанбек Орынбек, Ерболат Хасан;
- 80 келіге дейін: Абдурахмон Марипов, Батырхан Кусетов, Максат Орынбасар;
- 80 келіден жоғары: Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан.
Әйелдер:
- 49 келіге дейін: Айдана Кумартаева, Құралай Жамалбекова, Нодира Ахмедова, Нұрайым Жұмабек, Нұрай Бауыржанова, Рита Бакишева;
- 57 келіге дейін: Айша Әділбекқызы, Мария Севостьянова, Жазира Исина;
- 67 келіге дейін: Аида Тәуекенова, Аружан Найманбаева, Нұрай Хусаинова;
- 67 келіден жоғары: Назым Махмутова.
Айта кетейік, бұл – ұлттық құраманың әзірге алдын ала жасақталған тізімі. Турнирге дейін қатысушылар құрамына өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz