Матч орталығы
ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 1:0 Үзіліс Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 0:1 28 Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 0:0 10:00 Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал Қазақстан чемпионаты Хоккей Номад Номад 19:30 Бүгін Торпедо Торпедо МХЛ Хоккей Динамо Динамо 21:00 Бүгін Крылья Советов Крылья Советов УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 23:00 Бүгін Кайрат Алматы Кайрат Алматы УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Кауно Жальгирис Кауно Жальгирис 23:00 Бүгін Бенфика Бенфика А сериясы Футбол Монца Монца 00:45 Ертең Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Ертең Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Ертең Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Ертең Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Ертең ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Ертең Аль-Садд Аль-Садд Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 00:45 25.11 Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 00:45 25.11 КПР КПР Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 00:45 25.11 Престон Престон Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 00:45 25.11 Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 25.11 Линкольн Линкольн

1 күн бұрын

WADA конгресі аясында Астанаға FEI Президенті Ингмар Де Вос келді

WADA конгресі аясында Астанаға FEI Президенті Ингмар Де Вос келді

Фото: maximaequisport.ru

Астанада Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Дүниежүзілік конференциясы аясында Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) Президенті Ингмар Де Вос ресми сапармен келді., деп хабарлайды Sport12.kz.

Оны Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев салтанатты түрде әуежайда қарсы алды. Бұл сапар Қазақстанның халықаралық ат спорты қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтуға, елдің әлемдік ат спорты кеңістігіндегі әлеуетін арттыруға және өзара серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін FEI-мен ынтымақтастық – ат спорты саласын дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі. Соңғы жылдары еліміз халықаралық байланыстарды кеңейтіп, ұлттық федерацияның институционалдық әлеуетін нығайту және спортшылардың халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, ұлттық құраманың 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарына қатысуы, FEI аясындағы халықаралық жарыстардың өткізілуі және конкурдан Еуразиялық лиганың іске қосылуы – отандық ат спортының дамуындағы маңызды кезеңдер.

Сапар аясында тараптар алдағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық спорт күн тәртібі, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, ұлттық федерацияларды қолдау және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылауға басымдық береді.

Қазақстан халықаралық әріптестік, кәсіби стандарттар мен ұзақ мерзімді стратегия негізінде ат спортының дамуына жаңа серпін беруді көздейді.



Біздің серіктес: Sport12kz