7 сағат бұрын
Евгений Кошкин әлем кубогында 19-орынға тұрақтады
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Жапонияның Обихиро қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде 500 метрге жүгіруден екінші жарыста 19-нәтиже көрсетті.
Отандасымыз қашықтықты 35,39 секундта бағындырды. Ал америкалық Джордан Штольц 34,37 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып жетті.
Қытайлық Гао Тинъюй мен италиялық Джефри Росанелли 34,67 секунд көрсеткішпен күміс және қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Обихиродағы әлем кубогының екінші кезеңі 21 қарашада басталды.
Біздің серіктес: Sport12kz