Матч орталығы
ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 3:1 Аяқталды Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 2:2 Аяқталды Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 1:2 Пенальтиден соң Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал Қазақстан чемпионаты Хоккей Номад Номад 19:30 23.11 Торпедо Торпедо МХЛ Хоккей Динамо Динамо 6:3 Аяқталды Крылья Советов Крылья Советов Словения бірінші лигасы Футбол Копер Копер 2:0 Аяқталды Алюминий Алюминий УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 2:0 Үзіліс Кайрат Алматы Кайрат Алматы УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал ФК Бейтар ФК Бейтар 1:10 2-тайм Спортинг Спортинг УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Кауно Жальгирис Кауно Жальгирис 1:1 2-тайм Бенфика Бенфика АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль Иттихад Аль Иттихад 1:0 45+2 Пахтакор Пахтакор Челленджер Флорианополис Теннис Оскар Хосе Гутьеррес Оскар Хосе Гутьеррес 0:0 1-сет Lino, Carlos Eduardo Lino, Carlos Eduardo Челленджер Сан-Сальвадор Теннис Офек Шиманов Офек Шиманов 0:0 1-сет Fradkin, Jeffrey Fradkin, Jeffrey Челленджер Сан-Сальвадор Теннис Элайджа Строуд Элайджа Строуд 00:10 Бүгін Bolivar Idarraga, Juan Miguel Bolivar Idarraga, Juan Miguel А сериясы Футбол Монца Монца 00:45 Бүгін Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Бүгін Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Бүгін Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Бүгін Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Бүгін ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Бүгін Астон Вилла Астон Вилла

2 сағат бұрын

Қазақстандық спортшылар конькимен жүгіруде әлем кубогында қандай нәтиже көрсетті?

Қазақстандық спортшылар конькимен жүгіруде әлем кубогында қандай нәтиже көрсетті?

Фото: olympic.kz

Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құрамадан үздік нәтижеге Кристина Шумекова қол жеткізді. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 15,38 секундта жүгіріп өтіп, бесінші орын алды. Осылайша жеңімпаз атанған Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды. Сондай-ақ ол 1500 метр қашықтықта алтыншы орынға ие болса, В дивизионындағы 3000 метрде үшінші орынға жайғасты.

500 метрдегі бірінші жарыста Кристина Силаева 13-орын, ал Евгений Кошкин 15-орынға тұрақтады. Екінші жарыста Кристина Силаева 11-орынға жайғасса, Евгений Кошкин 19-орынға табан тіреді. Одан бөлек, Кристина Силаева 1000 метрде 12-орынға ие болды.

Ал В дивизионында Алина Дауранова 500 метр қашықтықта бесінші және жетінші орын алды. Ал Артур Галиев бірінші жарыста оныншы, екіншісінде алтыншы сатыға тұрақтады. Ал 1000 метр қашықтықтағы сайыста 13-орын алды (В дивизионы).

В дивизионындағы 1500 метрде Мария Деген 11-ші, Арина Ильященко 13-орынға тұрақтады. Ерлер арасында Нұралы Ақжол 16-орынға ие болды.

Арина сондай-ақ 1000 метрде сегізінші сатыға табан тіреді. Инесса Шумекова 1000 метрде 17-орын алды. Мария Деген 3000 метрде 18-орынға ие болса, Вадим Якубовский 5000 метрде 18-орынға тұрақтады. Барлығы В дивизионында өнер көрсетті.

Командалық із кесу сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы 3 минут 7.690 секунд көрсеткішімен сегізінші болды. Ал ерлер құрамасы В дивизионында 3:50.621 уақыт нәтижесін тіркеп, алтыншы орын алды.

Еске салсақ, чемпионаттың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ауыр атлеттері анықталды.


Біздің серіктес: Sport12kz