6 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева гранд-финалға қатысудан бас тартты
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева WR Women’s Chess Tour гранд-финалына қатысудан бас тартып, өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың әлем чемпионы атағы үшін өтетін матчына баруды ұйғарды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Францияда рапидтен өткен турнирдегі жеңісінің арқасында гранд-финалға жолдама алған Асаубаева жарыс ұйымдастырушыларының шақыруынан бас тартқан. Оның орнына турнирге украиналық гроссмейстер Мария Музычук қатысып, жарыста оның әпкесі Анна Музычук та өнер көрсетті.
WR Women’s Chess Tour гранд-финалы 22-23 қараша күндері Германияның Штутгарт қаласында өтті. Сегіз шахматшы блиц пен рапидте сынға түсіп, жалпы жүлде қоры 40 мың долларды құрады.
Ал Жавохир Синдаров Женевада қазіргі әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджумен кездеседі. Әлем чемпионы атағы үшін матчтың алғашқы партиясы 24 қарашаға жоспарланған.
Біздің серіктес: Sport12kz