3 сағат бұрын
Әсем Орынбай әлем кубогының финалында медальға таласады
Қазақстандық стенд атқыш Әсем Орынбай әлем кубогының финалында ел намысын қорғайды. Маусымның шешуші жарысы 3-8 желтоқсан аралығында Италияның Рим қаласында өтеді.
Ұлттық құрама өкілі «скит» бағдарламасында сынға түседі. Орынбай финалға Алматыда өткен әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанып, жолдама алған.
Финалға қатысушылар әлем кубогының төрт кезеңіндегі нәтижелері мен жалпы рейтинг бойынша іріктелді. Сонымен қатар 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері мен былтырғы финалдың жеңімпаздары да жарысқа қатысу құқығына ие болды.
Римдегі турнирде барлығы 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Әсем Орынбай үшін бұл жарыс жақсы таныс. Қазақстандық спортшы 2023 жылы Дохада өткен әлем кубогының финалында алтын медаль жеңіп алған. Енді ол тағы да маусымның басты додасында топ жаруға мүмкіндік алып отыр.
Біздің серіктес: Sport12kz