2 күн бұрын
Астанада таеквондодан Гран-при турнирі өтеді
27-28 қараша күндері Астанада таеквондодан Гран-при турнирі ұйымдастырылады. Халықаралық жарыс қарсаңында Қазақстан құрамасы БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығу өткізіп, дайындық барысын көрсетті.
Елордадағы додада Қазақстан намысын Рита Бакишева, Мария Севостьянова, Тамирлан Тілеулес және Батырхан Төлеуғали қорғайды.
Турнирге әлемнің үздік спортшылары қатысады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа тіркелгендердің арасында алты Олимпиада чемпионы, 13 Олимпиада жүлдегері, 15 әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 20 жүлдегері бар.
Осылайша, Астанадағы Гран-при турнирінде әлемдік деңгейдегі мықты таеквондошылар бас қосады. Қазақстандық спортшылар өз жанкүйерлерінің алдында бақ сынап, жүлделі орындар үшін күреседі.
Біздің серіктес: Sport12kz