53 минут бұрын
Қазақстан құрамасы керлингтен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды
Керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы Ресейдің Сириус қаласында өткен Sirius International 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.
Жартылай финалда отандастарымыз «Ресей-3» командасымен кездесіп, 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, қазақстандықтар финалға шыға алмады.
Алайда үшінші орын үшін өткен матчта ұлттық құрама «Ресей-1» командасын 7:5 есебімен жеңіп, турнирдің қола медалін иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz