4 сағат бұрын
Биатлоннан әлем кубогында Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынайды
26 қарашада Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан 2026/27 жылғы әлем кубогы басталады.
Маусымның алғашқы кезеңіндегі ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей сайыста Қазақстан намысын Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Александр Мухин қорғайды. Дүйсенов 3-нөмірмен сөреге шықса, Бауэрге 87, ал Мухинге 109-нөмір берілген.
Спортшылар жарыс барысында төрт рет ату алаңына барады. Әрбір мүлт кеткен оқ үшін қосымша айып уақыты есептеледі.
27 қарашада әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей жарыстың жүлделері сарапқа салынады. Кезең аясында спринт, аралас және жекелей аралас эстафеталар да өтеді.
Қазақстан құрамасының осы жарыстарға қатысатын өзге спортшыларының есімдері кейін белгілі болады.
Контиолахтидегі кезеңнің жарыстары 29 қарашада аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz