45 минут бұрын
Қазақстан биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады
Фото: olympic.kz
Бүгін, 26 қарашада Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан 2026/2027 маусымындағы алғашқы әлем кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғаш болып ерлер құрамасы жарыс жолына шығады. Спортшылар төрт рет ату айлағына тоқтап, 20 шақырымды бағындыруы тиіс.
Жекелей жарыстың бастапқы тізіміне Қазақстан құрамасының үш өкілі кірді. Әсет Дүйсенов жарысты үшінші нөмірмен бастаса, Кирилл Бауэр 87-нөмірмен, Александр Мухин 109-нөмірмен сөреге шығады.
Ертең, 27 қарашада әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей жарыс өтеді. Сондай-ақ Контиолахтиде аралас эстафета, жекелей аралас эстафета, ерлер мен әйелдер арасындағы спринт бәсекелері ұйымдастырылады. Бұл сайыстарға қатысатын спортшылардың тізімі кейінірек жарияланады.
Әлем кубогының алғашқы кезеңі 29 қарашада мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz