44 минут бұрын
Мария Севостьянова Астанадағы Гран-при кезеңінен шығып қалды
Қазақстан құрамасының өкілі Мария Севостьянова Астанада өтіп жатқан таеквондодан Гран-при сериясының финалдық кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның алғашқы қарсыласы бразилиялық Мария Клара Пачеко болды.
Екі раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Мария Севостьянова турнирдің жүлдесі үшін күресті аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Рита Бәкішева да алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz