13 сағат бұрын
Тарихи медаль: Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-при финалында күміс жүлдегер атанды
Астанада өтіп жатқан таеквондодан Гран-при сериясының финалында Қазақстан құрамасының өкілі Батырхан Төлеуғали күміс жүлдегер атанды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз шешуші бәсекеде ирандық Радин Зейналимен кездесті. Тартысты жекпе-жек 1:2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Батырхан Төлеуғали 2028 жылғы Олимпиада рейтингінде 60 ұпай еншіледі. Бұл – Қазақстан таеквондосы үшін Гран-при финалындағы жеті жыл ішіндегі алғашқы жүлде. Соңғы рет 2019 жылы Руслан Жапаров күміс медаль алған еді.
Айта кетейік, 20 жастағы Батырхан Төлеуғали – Париж Олимпиадасының қатысушысы, U21 әлем чемпионы және Аичи-Нагоя Азия ойындарының қола жүлдегері.
Ертең турнирдің соңғы жарыс күнінде Қазақстан атынан Азиада чемпионы Тамирлан Тілеулес (58 кг дейін) сынға түседі.
Біздің серіктес: Sport12kz