15.10.2024

Азия бойындарына қатысу мәселесі таразыланды

Азия бойындарына қатысу мәселесі таразыланды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен IX қысқы Азия ойындарына ұлттық құраманың дайындығына арналған жиын өтті. Байрақты бәсеке 2025 жылдың 7-14 ақпанында Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылады.

Іс-шараға министрлікке бағынысты ұйымдардың басшылары, қысқы спорт түрлері федерацияларының бас хатшылары, мемлекеттік жаттықтырушылар және ұлттық құрама командаларының бас жаттықтырушылары қатысты.

Жиында Ербол Мырзабосынов қысқы Азия ойындарының басталуына санаулы ай қалғанын еске салып, сары құрлық додасына құраманы тынғылықты дайындауға қатысты нақты мәселелерді ашық талқылау керек екенін жеткізді.

«Ел намысы сыналатын осындай халықаралық додаларда ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуі Қазақстанның имиджін көтереді. Қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар тәуір нәтиже көрсетіп жүр. Сондықтан алдағы байрақты бәсекеде жоғары жетістікке жету үшін бар күшімізді салу қажет», – деді Туризм және спорт министрі.

Сондай-ақ жиында елімізде қысқы спорт түрлерін дамыту мәселелері де талқыланды.

Айта кетейік, қысқы Азия ойындары 1986 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал Харбин аталған ойындарды осымен екінші мәрте қабылдамақ. Бірінші рет 1996 жылғы өткізген болатын. Алдағы ойындарда 11 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Спортшылар шорт-трек, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, тау шаңғысы, сноубординг, фристайл, шаңғы жарысы, биатлон және шаңғы альпинизмінен сынға түседі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Әлемдегі құрамы ең қымбат команда анықталды

Футбол 6 сағат бұрын

Әлемдегі құрамы ең қымбат команда анықталды

Қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Футзал 6 сағат бұрын

Қазақстандық төрешілер футзалдан Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Футбол 6 сағат бұрын

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

Регбиден Қазақстан құрамасы Шри-Ланкаға аттанды

Басқа 7 сағат бұрын

Регбиден Қазақстан құрамасы Шри-Ланкаға аттанды

Қылмыскерлер тобы 18 жастағы қақпашыны атып тастады

Футбол 7 сағат бұрын

Қылмыскерлер тобы 18 жастағы қақпашыны атып тастады

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты финалына шықты

Басқа 8 сағат бұрын

Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты финалына шықты