Матч орталығы
Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 20:30 Бүгін Мьельбю Мьельбю КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін ЦСКА ЦСКА Еуропа лигасы Футбол Марсель Марсель 22:45 Бүгін Левски Левски Конференциялар лигасы Футбол Кауно Кауно 22:45 Бүгін Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Иберия Иберия 22:45 Бүгін Хетафе Хетафе Конференциялар лигасы Футбол Хартс Хартс 22:45 Бүгін Монако Монако Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 22:45 Бүгін Линкольн Ред Импс Линкольн Ред Импс Конференциялар лигасы Футбол Брайтон Брайтон 22:45 Бүгін Крайова Крайова Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 22:45 Бүгін Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Пафос Пафос 22:45 Бүгін Мидтьюлланд Мидтьюлланд Конференциялар лигасы Футбол Аякс Аякс 22:45 Бүгін Тун Тун Конференциялар лигасы Футбол Бранн Бранн 22:45 Бүгін Орхус Орхус Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 22:45 Бүгін Лех Лех Еуропа лигасы Футбол Сельта Сельта 22:45 Бүгін Борнмут Борнмут Еуропа лигасы Футбол Бешикташ Бешикташ 22:45 Бүгін Хапоэль Хапоэль Еуропа лигасы Футбол Динамо Динамо 22:45 Бүгін Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Зальцбург Зальцбург 22:45 Бүгін Арарат Арарат Еуропа лигасы Футбол Виктория Виктория 22:45 Бүгін Бенфика Бенфика Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 22:45 Бүгін Милан Милан Әлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа Баскетбол Черногория Черногория 23:00 Бүгін Испания Испания

24.01.2025

Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді

Спорттық ұйымдар үшін спортшылардың жас санаты өзгерді

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшелері нормативтік құқықтық актілерді, заң жобаларын әзірлеуге және туризм, спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметі саласын дамытуға байланысты өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысып келеді.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру. Қоғамдық кеңес «Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықты қарастырып, мақұлдады. Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді. Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс.

Тағы бір маңызды шешім – спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрықтың өзгеруі. 

Ондағы негізгі өзгерістер:

Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;

Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;

Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталды.


Біздің серіктес: Sport12kz