24.01.2025

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы тағайындалды

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов федерацияның бас хатшысы қызметін атқарады. 

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мерей Ақшалов 36 жаста, бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Мерей Төлегенұлы 1988 жылы 8 мамырда Абай облысы Аягөз ауданында туған. Қазақстандық әуесқой боксшы, 2013 жылғы әлем және Азия чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2013 жылы «Жыл спортшысы» және Азияның үздік боксшысы атанды.

2004 жылы кадеттер арасында Қазақстан және Азия чемпионы атанды. 2005 жылы жастар арасында Қазақстан біріншілігінде топ жарды. 2007 жылы Қазақстан халықтары Спартакиадасының финалисі атанды. 2008 жылы ақпанда Болгарияның Пловдив қаласында халықаралық турнирдің финалында 2005 жылғы әлем чемпионы кубалық Йорденис Угас Эрнандесті жеңіп, турнирдің үздік боксшысы атанды. Наурыз айында «Қазақстан Президентінің Кубогы» халықаралық турнирінде 19 жастағы боксшы 2004 жылғы Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуовты финалда сенсациялық түрде жеңіп, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына жолдамаға ие болды.

Тамыз айында Бейжің Олимпиадасында 60 кг салмақ дәрежесінде бірінші айналымда венгриялық Миклош Варгиді жеңіп, келесі кезеңде қытайлық Ху Цинге жол берді.

2010 жылы қазанда АҚШ-тың Джексонвилл қаласында өткен турнирде әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионы атанды. 2011 жылы жартылай кәсіпқой «Astana Arlans» командасының құрамында WSB финалисі болды. 2012 жылы Астанада өткен 64 кг салмақ дәрежесіндегі Қазақстан чемпионы атанды. Бұл турнир AIBA жаңа ережелері бойынша шлемсіз өткен алғашқы жарыс болды.

2013 жылы шілде айында Иорданияның астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында 64 кг салмақта топ жарып, финалда моңғол боксшысы Уранчимэгийн Мөнх-Эрдэнэге қарсы жеңіске жетті. 2013 жылы 26 қазанда Алматыда өткен әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында 64 кг салмақ дәрежесінде Куба боксшысы Ясниэль Толедоны финалда 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Осы маусымның қорытындысы бойынша Азия бокс федерациясы оны «Азияның үздік боксшысы» деп таныды. Қазақстанда ҚР Бокс федерациясы оны «Жылдың үздік боксшысы» деп атады, ал ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі «Жыл спортшысы-2013» атағын берді.

Алайда 2014 жылы денсаулығына (көру қабілетіне байланысты) байланысты спорттық мансабын аяқтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Атырау» сапына қазақстандық екі ойыншы қосылды

Футбол 35 минут бұрын

«Атырау» сапына қазақстандық екі ойыншы қосылды

Садриддин Ахмедовтың қарсыласы белгілі болды 

Бокс 1 сағат бұрын

Садриддин Ахмедовтың қарсыласы белгілі болды 

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Даниямен кездеседі

Футзал 2 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Даниямен кездеседі

Қысқы Азиада: Бүгін кімдер сынға түседі?

Қысқы ойындар 2 сағат бұрын

Қысқы Азиада: Бүгін кімдер сынға түседі?

«Тараз» футбол клубы қанша ақша қарыз?

Футбол 9 сағат бұрын

«Тараз» футбол клубы қанша ақша қарыз?

Еркебұлан Сейдахмет жаңа клуб сапында жаттығуға кірісті

Футбол 10 сағат бұрын

Еркебұлан Сейдахмет жаңа клуб сапында жаттығуға кірісті