Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

03.03.2025

«Барыс» клубының қатысуымен өткен ойында рекорд тіркелді

«Барыс» клубының қатысуымен өткен ойында рекорд тіркелді

«Трактор» шабуылшысы Максим Шабанов өз алаңында өткен «Барысқа» қарсы матчта (8:0) төрт нәтижелі пас берді.

Осылайша, ол бір маусымдағы нәтижелі пастар саны бойынша клуб рекордын (39) орнатты.

Бұған дейінгі рекорд 2020/2021 маусымында 35 ассист жасаған чех шабуылшысы Томаш Гикеге тиесілі болатын.

«Барыспен» өткен ойында төрт нәтижелі пасынан бөлек, Шабанов бір шайба соқты. Жалпы, 24 жастағы шабуылшының еншісінде 59 матчта 59 (20+39) ұпай бар. Ол ҚХЛ-дың үздік бомбардирлері тізімінде екінші орында келеді, көшбасшы «Салават Юлаев» ойыншысы Джош Ливодан 10 ұпайға қалып тұр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан