07.03.2025
Әлем кубогы: Милад Карими финалға шықты
Фото: olympic.kz
Бакуде (Әзірбайжан) Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты.
Бұл жөнінде Ұлттық Олимпиада комитеті мәлім етті.
Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші орынмен шықты. Ол 13.833 ұпай жинады.
Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Потанин мен Ілияс Әзізов сынға түседі. Әзізов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал Потанин бесінші орын (12.800 ұпай) алды.
Айта кетейік, финалдық кезең 8 наурызда басталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан