Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2025

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 22 медаль алды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында 22 медаль алды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы мәресіне жетті. 

Жарыстың екінші күнінде қазақстандық балуандар 2 алтын және 3 қола жүлде алды. 

Ел құрамасынан Тоқтар Батырхан (90 келі) мен Мырзатай Қыдырбай (73 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Дәулеткерей Сефил (73 келі), Әділжан Жаудинов (90 келіден жоғары), Ердәулет Жұмабай (90 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетсек, аталған турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль еншілеген еді. Оның ішінде 5-і алтын, 3-і күміс, 9-ы қола.

Осылайша қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында барлығы 22 медаль олжалап қайтты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан