Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15.03.2025

Әлем чемпионаты: Финалдағы қарсыластарымыз таныс па?

Әлем чемпионаты: Финалдағы қарсыластарымыз таныс па?

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы өз мәресіне жетті. Енді ертең Астана уақыты бойынша 21:00-де финалдық бәсекелер өтеді.

48 келі

 Юлия Чумгалакова (Ресей) -  Назым Қызайбай (Қазақстан)

2 дүркін Еуропа чемпионы (2019, 2024). 2023 жылы әлем чемпионатына қатысып, 1/8 финалда өзге жерлесіміз Алуа Балқыбековаға есе жіберген.

50 келі

Ху Мэйи (Қытай) - Алуа Балқыбекова (Қазақстан)

Алғаш рет әлем чемпионатының жүлдесін алды. 2022 жылы Астанадағы «Elorda Cup» халықаралық турниріне қатысып, алғашқы айқасында Гүлнар Тұрапбайдан жеңілген.

60 келі

 Виктория Графеева (Қазақстан) - Нунэ Асатрян (Ресей)

2024 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

63 келі

Тананья Сомнуек (Таиланд) - Аида Әбікеева (Қазақстан)

Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2024 жылғы Азия чемпионатында қос боксшының жолы түйісіп, Аида басым түскен.

+81 келі

 Чжан Илянь (Қытай) - Елдана Талипова (Қазақстан)

Алғаш рет әлем чемпионатының жүлдесін алды.

Финалға шыққан елдер:

Қазақстан - 5

Ресей - 5

Түркия - 4

Қытай - 2

Таиланд - 2

Ирландия - 2

Марокко - 1

Солтүстік Корея - 1

Сербия - 1

Өзбекстан - 1


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан