Матч орталығы
А сериясы Футбол Монца Монца 3:0 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 4:0 Аяқталды Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 1:1 Аяқталды Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Бүгін Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Бүгін Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Бүгін Астон Вилла Астон Вилла Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Бүгін ЛАСК ЛАСК АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Бүгін Аль-Садд Аль-Садд Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 00:45 Ертең КПР КПР Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 00:45 Ертең Престон Престон Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 00:45 Ертең Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 Ертең Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 00:45 Ертең Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 00:45 Ертең Вест Хэм Вест Хэм Еуролига Баскетбол Барселона Барселона 01:00 Ертең Фенербахче Фенербахче Премьер-лига Футбол Рейнджерс Рейнджерс 01:00 Ертең Абердин Абердин Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 01:00 Ертең Дерби Дерби Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 01:00 Ертең Порту Порту Чемпиондар лигасы Футбол Лейпциг Лейпциг 01:00 Ертең Ланс Ланс Чемпиондар лигасы Футбол Комо Комо 01:00 Ертең АЕК АЕК

23.10.2025

Футболдан Freedom QJ League үздіктерді марапаттайды

Футболдан Freedom QJ League үздіктерді марапаттайды

Freedom QJ League-тің үшінші маусымы аяқталуға жақын. Осы орайда дәстүр бойынша Лига жеке шеберлігімен көзге түскен қазақстандық жас ойыншыларды QJL Awards атты салтанатты гала-кешінде марапаттайды, деп хабарлайды Sport12.kz

Алғашқы екі жылда марапаттау рәсімі Алматыда өтсе, бұл жолы кеш Қазақстанның астанасында ұйымдастырылады. Әдеттегідей, шараға жас футболшылар, олардың ата-аналары мен жаттықтырушылары, отандық футболдың ардагерлері мен жұлдыздары, спорт мамандары, функционерлер, шенеуніктер, бизнес өкілдері қатысады.

Лига идеологиясының басты қағидаларының бірі – жас футболшыларды дамыта отырып, аға буынға деген құрметті ұмытпау. Сондықтан Freedom QJ League-тің әрбір жеке марапатына отандық футбол ардагерлерінің аты берілген. Марапаттарды ойыншылар мен жаттықтырушылардан бөлек, клубтардың басшылары, менеджерлері және медиа-маркетинг бөлімдері де алады.

Салтанатты шара 1 қарашада өтеді. Үздіктер төмендегідей марапатқа ие болады:

«Үздік қақпашы» (Александр Убыкин атындағы сыйлық),

«Үздік қорғаушы» (Евгений Яровенко атындағы сыйлық),

«Үздік жартылай қорғаушы» (Антон Шох атындағы сыйлық),

«Үздік шабуылшы» (Эдуард Сон атындағы сыйлық),

«Үздік бапкер» (Георгий Хутиди атындағы сыйлық).

Жақын уақытта басқа марапаттар бойынша да үміткерлер жарияланатын болады.


Біздің серіктес: Sport12kz