27.10.2026
Freedom QJ League басшылығы ФИФА президентімен кездесті
Freedom QJ League президенті Рохус Шох пен атқарушы директоры Александр Орлов Бакуде ФИФА президенті Джанни Инфантино және футболды жаһандық дамыту жөніндегі директоры Арсен Венгермен кездесті.
Кездесу барысында Лига басшылары жобаның алғашқы төрт маусымдағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды. Джанни Инфантино Freedom QJ League жобасының дамуына қызығушылық танытып, қолдау білдірді.
Лига басшылары Бакуде өтіп жатқан FIFA U-15 World Cup & Festival турниріне де қатысуда. Қазақстан құрамасының басым бөлігі Freedom QJ League ойыншыларынан жасақталған. Турнир 30 қазанда аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz