Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

06.02.2026

Үстел теннисінен ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Үстел теннисінен ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Үстел теннисінен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызмептіне Әсет Амангелдіұлы Сағымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz

Аталған бұйрыққа ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қол қойды. Әсет Сағымбаев - үстел теннисінен спорт шебері, Германия мен Жапонияда өткен әлем чемпионатына, сондай-ақ Таиланд пен Үндістандағы жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысқан. Спортшы ретінде Қазақстан чемпионатының, республикалық Спартакиаданың және бірқатар халықаралық турнирдің жүлдегері атанған.

Осыған дейін ол Ақтөбе облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан