2 сағат бұрын
Рыбакина мен Путинцева Токиода ширек финалға шығу үшін таласады
Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 1-орын) мен Юлия Путинцеваның (67-орын) Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымындағы матч өтетін күн мен уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екі қазақстандық теннисшінің кездесуі 28 қазан, сәрсенбіге жоспарланған. Алдын ала кесте бойынша матч Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады.
Бұл кездесудің жеңімпазы турнирдің ширек финалына жолдама алады. Ал жеңілген теннисші жекелей сындағы жарысты аяқтайды.
Елена Рыбакина турнирге бірінші нөмірлі теннисші ретінде қатысып, алғашқы айналымда ойнаған жоқ. Ал Юлия Путинцева іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі жарысқа жолдама алды. Ол бірінші айналымда WTA рейтингінде 30-орында тұрған грек теннисшісі Мария Саккариді 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.
Еске салайық, өткен аптада Елена Рыбакина Нинбода өткен WTA 500 турнирінің чемпионы атанды. Финалда ол канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Бұл қазақстандық теннисшінің биылғы маусымдағы төртінші, ал кәсіби мансабындағы 15-ші титулы болды.
Айта кетейік, Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етуге жақын. Ол үшін Токиодағы турнирде бір жеңіске жетуі жеткілікті.
Біздің серіктес: Sport12kz