4 сағат бұрын
Елена Рыбакина ауырып қалды: Баспасөз мәслихаты кейінге шегерілді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның денсаулығына байланысты WTA қорытынды турнирі алдындағы баспасөз мәслихаты өтпей қалды.
Журналистермен кездесу жұма күні кешке жоспарланған еді. Алайда теннисшінің сырқаттануына байланысты шара сенбіге ауыстырылды. Бұл туралы журналист Шэд Пауэрс хабарлады. Рыбакинаның қазіргі жағдайы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.
Қазақстандық спортшы турнирдегі алғашқы ойынын 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні чехиялық Линда Носковамен өткізеді.
Егер Рыбакина жарысқа қатыса алмаса, оның орнын украиналық Марта Костюк басады.
Біздің серіктес: Sport12kz