Матч орталығы
КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 5:2 Аяқталды Торпедо Торпедо Суперлига Баскетбол Пинар Пинар 84:83 Аяқталды Бешикташ Бешикташ КХЛ Хоккей СКА СКА 7:1 Аяқталды Спартак Спартак КХЛ Хоккей ЦСКА ЦСКА 4:1 Аяқталды Сибирь Сибирь Финляндия жоғарғы лигасы Хоккей ТПС Турку ТПС Турку 3:2 Қос. уақытта КалПа КалПа АБА лигасы Баскетбол Црвена Звезда Црвена Звезда 91:80 Аяқталды Слован Братислава Слован Братислава Чемпионат мира, женщины Хоккей Аустрия Аустрия 1:11 Аяқталды АҚШ (Қ) АҚШ (Қ) Челленджер Монастир Теннис Мойз Куаме Мойз Куаме 2:0 Аяқталды Роберт Стромбахс Роберт Стромбахс Челленджер Ноксвилл Теннис Джайлс Хасси Джайлс Хасси 2:0 Аяқталды Жоффрей Бланкано Жоффрей Бланкано Челленджер Ноксвилл Теннис Даниэль Милавский Даниэль Милавский 2:0 Аяқталды Кента Миеши Кента Миеши Лига кубогы Баскетбол Маккаби Тель-Авив Маккаби Тель-Авив 86:75 Аяқталды Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Итоговый турнир женщины Теннис Арина Соболенко Арина Соболенко 2:0 Аяқталды Каролина Мухова Каролина Мухова НХЛ Хоккей Эдмонтон Эдмонтон 06:00 Бүгін Рейнджерс Рейнджерс Стокгольм мужчины Теннис Адриан Маннарино Адриан Маннарино 17:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес Испания кубогы Футбол Тривал Вальдерас Тривал Вальдерас 00:00 Ертең Леганес Леганес Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 00:00 Ертең Логронес Логронес Испания кубогы Футбол Михас Лас Лагунас Михас Лас Лагунас 00:00 Ертең Реал Хаэн Реал Хаэн Испания кубогы Футбол UE Tavernes UE Tavernes 01:00 Ертең Валенсия Валенсия

9 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогында ойын көрсетті

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогында ойын көрсетті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның теннистен жасөспірімдер құрамасы Мысырдың Каир қаласында 31 қазан мен 6 қараша аралығында өткен Junior Davis Cup Finals 2026 турнирінің финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық команда әлемнің ең үздік 16 құрамасының арасында 11-орынға ие болды.

16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы беделді командалық турнирде Қазақстан намысын Родион Трайгель, Ансар Ниетқалиев және Ахмади Маханов қорғады. Құрама капитаны – Сергей Квак.

Топтық кезеңде қазақстандық теннисшілер D тобында Франция, АҚШ және Үндістан құрамаларымен кездесті. Үш матчтық кездесудің барлығында Қазақстан құрамасы 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

Плей-офф кезеңінде қазақстандық жасөспірімдер үш кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Алдымен Қазақстан құрамасы Австралияны 2:1 есебімен жеңсе, кейін тартысты өткен кездесуде Венгрияға 1:2 есебімен жол берді.

Соңғы матчтық кездесуде қазақстандықтар Марокко құрамасымен шеберлік байқасты. Бұл қарсыласу Қазақстан құрамасының 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, отандастарымыз әлемдік додада қорытынды 11-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының жасөспірімдер арасындағы финалдық кезеңіне Азия/Океания аймағындағы іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, екінші орын алуының арқасында жолдама жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогы – 16 жасқа дейінгі теннисшілерге арналған әлемдегі ең маңызды командалық жарыстардың бірі. Турнирдің финалдық кезеңіне қатысу жас спортшыларға құнды халықаралық тәжірибе жинақтап, әлемнің ең мықты құрдастарымен кездесулерде өз шеберліктерін сынауға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде тарихи нәтижеге қол жеткізді.


Біздің серіктес: Sport12kz