Матч орталығы
КХЛ Хоккей Ак Барс Ак Барс 5:2 Аяқталды Торпедо Торпедо Суперлига Баскетбол Пинар Пинар 84:83 Аяқталды Бешикташ Бешикташ КХЛ Хоккей СКА СКА 7:1 Аяқталды Спартак Спартак КХЛ Хоккей ЦСКА ЦСКА 4:1 Аяқталды Сибирь Сибирь Финляндия жоғарғы лигасы Хоккей ТПС Турку ТПС Турку 3:2 Қос. уақытта КалПа КалПа АБА лигасы Баскетбол Црвена Звезда Црвена Звезда 91:80 Аяқталды Слован Братислава Слован Братислава Чемпионат мира, женщины Хоккей Аустрия Аустрия 1:11 Аяқталды АҚШ (Қ) АҚШ (Қ) Челленджер Монастир Теннис Мойз Куаме Мойз Куаме 2:0 Аяқталды Роберт Стромбахс Роберт Стромбахс Челленджер Ноксвилл Теннис Джайлс Хасси Джайлс Хасси 2:0 Аяқталды Жоффрей Бланкано Жоффрей Бланкано Челленджер Ноксвилл Теннис Даниэль Милавский Даниэль Милавский 2:0 Аяқталды Кента Миеши Кента Миеши Лига кубогы Баскетбол Маккаби Тель-Авив Маккаби Тель-Авив 86:75 Аяқталды Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Итоговый турнир женщины Теннис Арина Соболенко Арина Соболенко 2:0 Аяқталды Каролина Мухова Каролина Мухова НХЛ Хоккей Эдмонтон Эдмонтон 06:00 Бүгін Рейнджерс Рейнджерс Стокгольм мужчины Теннис Адриан Маннарино Адриан Маннарино 17:00 Бүгін Александр Шевченко Александр Шевченко Испания кубогы Футбол Памплона Памплона 23:00 Бүгін Эйбар Эйбар Испания кубогы Футбол Анайтасуна Анайтасуна 23:00 Бүгін Алавес Алавес Испания кубогы Футбол Тривал Вальдерас Тривал Вальдерас 00:00 Ертең Леганес Леганес Испания кубогы Футбол Аморебьета Аморебьета 00:00 Ертең Логронес Логронес Испания кубогы Футбол Михас Лас Лагунас Михас Лас Лагунас 00:00 Ертең Реал Хаэн Реал Хаэн Испания кубогы Футбол UE Tavernes UE Tavernes 01:00 Ертең Валенсия Валенсия

7 сағат бұрын

«Жасыл доп» жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

«Жасыл доп» жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Түрлі түсті доптар фестивалі by Beeline Janymda аясында «Жасыл доп» санатындағы жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Үш күнге созылған турнир қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жарыс барысында жас теннисшілер өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін бақ сынады және құнды жарыс тәжірибесін жинақтады.

Қыздар арасында Қарағанды облысының өкілі Фариза Ерболова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені алматылық Жамиля Рамазан иеленсе, қола медальді Ақтөбе қаласының өкілі Айлин Дәулеталина жеңіп алды.

Ұлдар арасында Алматы қаласының өкілі Виктор Уваров бірінші орынға ие болды. Елордалық теннисші Қаһар Салғара күміс жүлдегер атанса, үздік үштікті Астананың тағы бір өкілі Эмирали Байдилла түйіндеді.

Түрлі түсті доптар фестивалі балалар теннисін дамытуға, өскелең ұрпақ арасында спорттың осы түрін кеңінен насихаттауға және жас спортшылардың жарыс тәжірибесін арттыруға бағытталған. Мұндай жарыстар жас теннисшілерге ойын дағдыларын жетілдіруге және дайындықтың келесі кезеңдеріне біртіндеп өтуге мүмкіндік береді.

9 қарашадан бастап фестиваль аясында «Қызғылт сары доп» санатындағы жарыстар басталады. Онда жас теннисшілер жүлделі орындар үшін өзара бақ сынауды жалғастырады.

Еске салсақ, теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мысырдың Каир қаласында 31 қазан мен 6 қараша аралығында өткен Junior Davis Cup Finals 2026 турнирінің финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады.


Біздің серіктес: Sport12kz