Матч орталығы
НХЛ Хоккей Тампа Тампа 3:1 Аяқталды Эдмонтон Эдмонтон НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 4:0 Аяқталды Анахайм Анахайм НХЛ Хоккей Вегас Вегас 3:4 Пенальтиден соң Даллас Даллас КХЛ Хоккей Авангард Авангард 18:30 Бүгін Барыс Барыс КХЛ Хоккей Торпедо Торпедо 21:00 Бүгін Локомотив Локомотив Про-лига Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 22:30 Бүгін Аль-Наср Аль-Наср Ұлттық лига Хоккей Цуг Цуг 23:45 Бүгін Серветт Серветт Бундеслига Футбол Бавария Бавария 00:30 Ертең Кельн Кельн Лига 1 Футбол Труа Труа 00:45 Ертең Гавр Гавр Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 01:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Португалия кубогы Футбол Порту Порту 01:45 Ертең Паредес Паредес Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 17:30 Ертең Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 17:30 Ертең Кардифф Кардифф Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 17:30 Ертең Фулхэм Фулхэм Ла Лига Футбол Алавес Алавес 18:00 Ертең Депортиво Депортиво Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 18:00 Ертең Самсунспор Самсунспор КХЛ Хоккей Сочи Сочи 19:00 Ертең СКА СКА А сериясы Футбол Лацио Лацио 19:00 Ертең Лечче Лечче А сериясы Футбол Комо Комо 19:00 Ертең Кальяри Кальяри Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 19:30 Ертең Боруссия Боруссия

21 сағат бұрын

Әлемдік теннистің екі жұлдызы Даңқ залына қосылады

Әлемдік теннистің екі жұлдызы Даңқ залына қосылады

Халықаралық теннис даңқ залы 2027 жылы құрметті тізімге қосылатын спортшылардың есімдерін жариялады. Олардың қатарында австралиялық Эшли Барти мен жапониялық арбамен теннис шебері Синго Куниэда бар.

Эшли Барти мансабында жекелей сында үш «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жетті. Ол 2019 жылы «Ролан Гаррос», 2021 жылы Уимблдон және 2022 жылы Australian Open жарыстарында топ жарды. Сонымен қатар 2018 жылы US Open турнирінің жұптық сынында чемпион атанды.

Ал Синго Куниэда арбамен теннистегі ең табысты спортшылардың бірі саналады. Оның еншісінде төрт Паралимпиада алтыны және ірі халықаралық турнирлердегі 50 чемпиондық атақ бар.

Айта кетейік, 2027 жылғы үміткерлер қатарында Хуан Мартин дель Потро мен Светлана Кузнецова да болған. Алайда олар қорытынды тізімге енбеді.

Эшли Барти мен Синго Куниэданы Даңқ залына қабылдау рәсімі 2027 жылғы 26-28 тамызда АҚШ-тың Ньюпорт қаласында өтеді.



Біздің серіктес: Sport12kz